Шерзод Пулатов: ҚХА сессиясы – қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы маңызды кезең

Елордадағы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов ҚХА-ның ХХХІV сессиясы қарсаңында Ассамблеяға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сонымен қатар ол ҚХА-ның этномедиация кеңесінің жұмысына тоқталды..

ҚХА-ның Этномедиация кеңесі – бұл еліміздегі этносаралық қатынастарда туындауы мүмкін шиеленістер мен келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге бағытталған маңызды құрылым. Кеңес 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, 2024 жылдан бастап жұмысы этномедиация бағытына тереңдей түсті. Бүгінде елімізде 21 этномедиация кеңесі мен 21 этномедиация орталығы жұмыс істейді. Кеңестің құрамында кәсіби медиаторлар, заңгерлер, педагогтар, дінтанушылар және журналистер бар. 2023–2024 жылдары ішінде 30-дан астам оқыту тренингтері, 800-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 24 мыңнан астам адам қамтылды. Этномедиация институты тек дауларды шешу құралы емес, қоғамдағы келісім мен татулықты нығайтудың тиімді тетігіне айналды, - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар ҚХА-ның алдағы кезекті сессиясын  маңызды оқиға деп отыр.  

Алдағы ҚХА сессиясы – бұл еліміздегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту жолындағы маңызды кезең. Сессияда этносаралық саясатты жетілдіру, мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, жастарды біріктіру мен этномедиация институтын дамыту сынды өзекті мәселелер қарастырылады деп күтілуде. Бұл сессия 30 жылдық жолын еңсерген ҚХА-ның жаңа міндеттері мен қоғамдық сұранысқа бейімделу бағыттарын нақтылап береді, - деді Шерзод Пулатов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: кейіпкердің жеке мұрағаты
Өзгелердің жаңалығы