Шерзаттың ағасының денесінде зорлық-зомбылық белгілер жоқ – полиция

Сот-медициналық сараптамасы марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың мойындағы жарақат асылған жіпті қолданған кезде пайда болағанын анықтаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі тың деректермен бөлісті.

Сот-медициналық сараптаманың алдын-ала болжамы бойынша, 9 желтоқсанда Талғардың шетінде табылған 30 жастағы ер адамның мәйіті өзін-өзі асу арқылы механикалық асфиксия салдарынан болғанын көрсетті. Денесінде зорлық-зомбылық сипаттағы белгілер жоқ. Сарапшылармен анықталған дене жарақаттары, мысалы, странгуляциялық және мойынның абразиялары жіпті қолданған кезінде пайда болатын жарақаттарға сәйкес келетінін көрсетті. Барлық белгі суицидті көрсетеді, мойынындағы зақымдану сипаты мұндай жағдайларға тән. Мастоидтық процестің және желке мен құлақ аймағындағы абразияға ұқсас іздер үйкелістен пайда болуы мүмкін. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайларын тексеруді жалғастырып жатыр, - деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Полиция департаменті азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды. Сондай-ақ жалған мәліметтерді тарату бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы