Шерзат сотында айыпталушы Тоқтаубаевтардың адвокаттары ауысты

Талдықорғанда өтіп https://baq.kz/sherzat-isi-zhelide-ekiushty-beyneni-taratqandar-zhazalandy-200014019/жатқан Шерзат Болаттың өлімі бойынша сот отырысында айыпталушы Тоқтаубаевтардың адвокаттары ауысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отырыс барысында сотталушылардың адвокаттар құрамы өзгерді. Сотталушы Азамат Тоқтаубаевтың жаңа қорғаушысы Алматы облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Нұрсұлтан Досжанов болатыны айтылды. Ал Нұрбол Тоқтаубаевтың мүддесін Азамат Сағымбек қорғайды.

Сонымен қатар судья Ержан Жанұзақов аталған қылмыстық іс бойынша әлеуметтік желіде тараған екіұшты бейнежазбаға қатысты қызметтік тексерістің нәтижесін жариялады.

Сондай-ақ айыпталушы тараптың адвокаттарының өтінішімен марқұм Шерзат Болаттың анасы Гүлбара Бишімбиева сот отырысына тағы да шақырылатыны айтылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сот процесінде айыпталушылардың видеосы желіге қалай тарағаны анықталды. Марқұм Шерзат Болаттың анасы сот отырысына шақырылатыны белгілі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы