Шерзат ісі: Судьяға шағым түсті
Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында айыпталушылардың қорғаушылары төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсылық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Күннің бірінші жартысында сотталушы А.Н.Шынасылдың қорғаушысы Ж.Қ.Әбеновтің төрағалық етуші судья Е.С.Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді. Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес істі жалғыз қарайтын судьяға қарсы шағымды сот төрағасы немесе соттың басқа судьясы шешеді. Заңның осы нормасын негізге ала отырып, шағымды сол соттың судьясы А.А.Беймбетов қарайды. Негізгі судьяның тағдыры әзірге шешілген жоқ.
Айыпталушы Шынасылдың адвокаты сараптама материалдарын зерделеу барысында бірқатар дәлсіздіктер анықталғанын мәлімдеді. Осыған байланысты қорғау тарапы сотқа сарапшыларды шақыруды талап еткен, алайда судья бұл өтінішті қанағаттандырмады.
Сарапшыларға қажетті сұрақтар қойылмаған. Біз тергеуші мен екі сарапшыны сотқа шақыруды талап етеміз. Бірақ сот негізсіз түрде бас тартып отыр. Прокуратура судьяның ұстанымын толық қолдап отыр, - деді адвокат.
Ол сондай-ақ, прокуратура Шынасылға дүкен жанындағы төбелеске қатысы бар деп айып тағуда екенін атап өтті. Алайда іс материалдарындағы бейнежазбада Шынасыл көрінбейді. Куәгерлердің айтуынша, ол жанжал аяқталғаннан кейін ғана оқиға орнына келген. Соған қарамастан, айыптау тарабы оның белсенді қатысқанын дәлелдеуге тырысуда.
Адвокат судья Жанұзақовқа қарсылық білдіріп, істі қарауда объективтілік жоқ екенін атап өтті. Оның қорғауындағы Шынасыл адвокатының мәлімдемесін қолдады.