Шерзат ісі: Сотталушы Дархан Әскентайдың дүкенге кірген сәті көрсетілді

Шерзат ісі бойынша сотта оқиға болған күні түсірілген видеолар көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Видеода сол күні болған оқиғаны сағат 23:00 бастап көрсетеді. Ол кезде сотталушы Дархан Әскентайдың "Қамажай" дүкені ішіне кіріп, зат сатып алғаны түсірілген.

Кейін cағат 23:40-тағы сәт түсірілген. 42 минут кеткенде Әскентай дүкенге кіреді. 23:43-те сотталушы екі сыраны сатып алып, касса жанына келеді.

Қазіргі кезде уақыт 23:45, Әскентай өзінің танысы кәмелетке толмаған Асқарбекке хабарласып, дүкен сөресінде тұрған нөмірге 1000 теңге аударым жасауды сұрады, - деп сипаттады мемлекеттік айыптаушы.

Сонымен қатар сот процесінде судья әлеуметтік желіде қылмыстық іске қатысты субъективті пікір таратуға болмайтынын ескертті. Оның сөзінше, бұл кейбір жағдайда сотқа қысым деп қабылданатынын айтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы