Шерзат ісі: Марқұмның анасы сот отырысына шақырылады

Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болаттың өлімі бойынша сот процесінде мемлекеттік айыптаушы тергеу кезінде жасалған беттестіру хаттамасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отырыс барысында прокурор Дана Сәрсенбай оқыған құжатта прокурор Гүлбара Бишімбиева мен Дидар Қалиахметтің арасында өткен беттестіруге қатысты мәліметтер айтылды.

Оқиға болған күні Дидар Қалиахметті көрдім, аты-жөнін қазір ғана білдім. Бұрын арада араздық болмаған. Мені екі бала ұстап тұрған кезде олар Шерзат пен Нұрқанатты тепкіледі, - делінген прокурор оқыған хаттамада.

Айыпталушы тарап жәбірленуші Гүлбара Бишімбиеваны келесі сот отырысына шақыру туралы өтініш айтты. Адвокат оның тергеу кезінде берген жауабы мен соттағы мәлімдемесі сәйкеспейді деп отыр.

Судья өтінішті қанағаттандырды. Жәбірленушіні келесі отырыстарға шақыру мемлекеттік айыптаушыларға тапсырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы