Шерзат ісі бойынша куәгер заттай айғақтарды кім жойғанын айтып берді

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі отырыста затпен айғақтарды қарап тексеру басталды. Куәгер Дана Жақсыгелді оқиғадан кейін мылтықты сотталушылардың бірі Шыңғыс Белғожаев көліктен алып түсіп, артынша қарусыз қайта оралды деп отыр.

Тауға қарай көтеріліп бара жатқанда жолдан бір жерге тоқтады. Сол жерден Шыңғыс машинадан сол заттарды алып түсті. Әрі қарай кетіп қалды. Біз машинадан түсіп, темекі шегіп болғанша, оның қолында ештеңе болмады, - деп жауап берді бейнежазбада Дана Жақсыгелді.

Бейнежазбада Дана Жақсыгелді қайғылы оқиға болған жерге барып жауап берген.

Ал қанды қылмыста қолданылған қаруды сотталушы Белғожаев жолдың бойына қалдырып кеткенін айтты.

Көлікке отырған соң мылтықты Абзал алдыңғы орынға әкеліп қойғанын көрдім. Одан соң "777" дүкеніне соғып, "Хуторский" трассаға қарай бардық. Пышақ пен қаруды трассаға шыққан соң жолдың бойына бір жерге тоқтап, тастап кетті, - дейді куәгер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы