Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты
Талғарда кісі қолынан мерт болған Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов босап шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол әлеуметтік желіде қолдаушыларына алғыс айтып, үйінде екенін көрсетті.
Айта кетейік, оны 10 желтоқсанда полиция ұстап, соттың шешімі бойынша 15 күнге қамауға алынған еді. Ол "Ұсақ бұзақылық жасады" деп айыпталған.
Қазақ елі! Аллаға шүкір, үйдеміз. Қолдауларыңызға көп рақмет! Бәрі жақсы, бала-шағаның жанындамыз. Қорқатын ештеңе де жоқ, - деді ол.
Еске салайық, Алматы облысында жаппай төбелес болып, Шерзат Болат қаза тапқаны жайлы жазған едік. Шерзаттың қазасына қатысты 5 бап бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Бұл оқиғаға байланысты 10 адам ұсталған болатын. Кейін полиция Талғардағы оқиғаның толық видеосын жариялаған еді. Кейін Марқұм Шерзаттың үйі өртеніп кетіп, ол жерден айғақ заттар табылған еді.
9 желтоқсан күні Талғар қаласының маңында Шерзат болаттың ағасының денесі табылды. Кейін өзіне қол жұмсаған Шерзаттың ағасы қоштасып жазба қалдырған хаты табылды.
Марқұм Шерзаттың әкесі 15 тәулікке қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалған еді.