10 Сәуір 2025 2025, 14:38 Фото: Видеодан скриншот

Шерзат Болат ісі: Сот отырысы аптасына екі рет өтетін болды

Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша келесі сот отырысы 17-18 сәуірде өтетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша келесі сот отырысы 17-18 сәуірде өтетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айыпталушыларды айыптау туралы басты сот талқылауы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында 2025 жылғы 17 сәуірде сағат 10:00-де өтетін болып шешілді.

Басты сот талқылауы ашық сот мәжілісінде өткізіледі және отырыс қазақ тілінде жүргізіледі. Одан кейінгі сот отырысы 18 сәуірде сағат 10:00-де болады, яғни аптасына екі отырыс өтеді, - деді судья Ержан Жанұзақов.