Шереметьевода қаза болғандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы апаттан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталып жатыр. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
«Мәскеудің Шереметьево әуежайында «Аэрофлот» компаниясының ұшағы апатының салдарынан қырықтан астам адам қайтыс болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының болуы немесе болмауы тексерілуде. Ұшақта болған жолаушылардың соңғы тізімін күтудеміз. Мәскеудегі қазақстандық дипломаттар жергілікті билік өкілдерімен үнемі байланыста», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Мәскеудің Шереметьево әуежайында ұшақ өртеніп, оқыс оқиға салдарынан 10 адам қаза болған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бес жасқа дейінгі балаларды цифрлы гаджеттерден қорғаңыз
Өзгелердің жаңалығы