Шеремета Головкинмен жекпе-жекке дайындықты бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрынғы Еуропа чемпионы, польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннмен жекпе-жекке дайындық жоспарын жариялады, деп жазды Prosports.kz.
Бұл туралы спортшының жаттықтырушысы Федор Ляпин TVP-ге берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, Шереметаның жаттығу лагері Испанияның Бенидорм қаласының маңында орналасқан. Боксшы ол жерге 20 қаңтарда аттанады.Головкин-Шеремета жекпе-жегі 28 наурызда Чикагодағы Wintrust Arena спорт кешенінде өтеді деп жоспарланып отыр.
Алайда бұған дейін Головкиннің IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы Шереметамен жекпе-жегі 28 наурызда өтпей қалуы мүмкін екені айтылған. Сарапшылар бұл кездесудің сәуір не мымыр айында өтуі мүмкін екенін айтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысының жолдарында 23 адам құтқарылды
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы