Шенген визасының құны қымбаттауы мүмкін

Қазақстандықтар үшін шенген визасын алу ақысы қымбаттайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еурокомиссия шенген визасының құнын ересектер үшін 80-нен (39 000 теңге) 90 еуроға (43 834 теңге) және балалар үшін 40 (19 481 теңге) 45 еуроға (22 000 теңге) көтеруді ұсынды. Бұған инфляция себеп болған. Ұсыныс Еурокомиссияның сайтында жарияланды. Талқылау биылғы жылдың 1 наурызына дейін болады.

Сондай-ақ, ЕО-ға мүше елдер атынан шенген визасына өтініштерді жинайтын виза орталықтары стандартты виза алымының жартысына дейінгі ақыны ала алатыны жазылған. Бұл олардың қызметі үшін 40 емес, 45 еуро алуға рұқсат беретінін білдіреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәди Искаков -архив
Өзгелердің жаңалығы