Атамқұлов гардеробында қанша отандық костюм барын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбеті мен гардеробында қанша отандық костюм барын айтты.
Шенеуніктер қарапайым болуы тиіс деп ойлаймын. Қоғамның игілігі үшін жұмыс істеуіміз керек. Менің позициям: мемлекеттік қызметшінің кескіні мұнтаздай, жинақы, көзге түспейтін болуы керек. Бұл ер де, әйел де мемлекеттік қызметшіге қатысты. Бұл дегеніміз – этикет, - деді Атамқұлов Үкімет кулуарында.
Ол гардеробында Қазақстанда тігілген бес түрлі костюм барын айтып, ел ішінде де жақсы дизайнерлер мен өндірушілер барын жеткізді.
Оңтүстікте жұмыс істегенімде костюм сапасына, бірінші кезекте бағасына таңқалдым. Төрт жыл бұрын алғашқы отандық костюмді алған едім. Костюм 25 мың теңге тұрды, сол кезде осындай баға болды. Мұнда бірнеше кәсіпорын әртүрлі бағада костюм тігеді. Матасына, астарына, тігіншінің жұмысына байланысты. Қазақстанда жақсы, сапалы өнімдер. Мен шенеуніктердің сыртқы келбеті қарапайым болғанын жақтаймын, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда қазақ тілінің жаңа әліпбиі талқыланып жатыр
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы