Шенеуніктер ауыл тұрғыны азайса, ондағы нысандарды жаба салуды әдетке айналдырған – Бектаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев партияның кезектен тыс XVIII съезі барысында айтты.
Жол сапасы тіпті сын көтермейді. Шалғайдағы елді мекендерді айтпағанның өзінде елорда мен облыс орталықтарының маңындағы ауылдарға жету қиын. Ауыл ішіндегі жолдардың жағдайы мәз емес. Ұлттық экономика министрлігі ауылдық жерлердің қажеттілігін анықтау үшін сараптама жүргізді. Ол бойынша ауылдағы әр 5-мектеп пен балабақша, әр 3-медицина мекемесі күрделі жөндеуді қажет етіп отыр, - деді ол.
Бектаев шенеуніктердің ауыл тұрғынының саны азая бастаса, білім ошақтары мен денсаулық сақтау нысандарын жаба салуды әдетке айналдырғанын айтты.
Әкімдер әмбебап оқытушы мен фельдшерді шақырып, тығырықтан шығудың орнына елді мекеннің болашағы жоқ деп айтуға бейім жүр. Баласына білім, өзіне медициналық көмек ала алмаған адам ауылда тұра ма? Осындай қарапайым өмір аксиомасын түсінбейтін басшылар көбейді, - деді Бектаев.
Ол атағандай, былтыр ауылдан қалаға жарты миллионға жуық адам қоныс аударған.
2014 жылдан бастап бала туу көрсеткіші бойынша көш басында ауыл емес, қала келе жатыр, - деді ол.
Айта кетейік, кезектен тыс съезге партияның өңірлік филиалдарынан 110 делегат сайланды. Карантин шараларына байланысты 64 делегат тікелей, 36 делегат қашықтан қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы