Шенеунік пен екі кәсіпкер 1,3 млрд теңге жымқырғаны үшін сотталды

Қылмыстық істің барлық қатысушыларына нақты жаза, бас бостандығынан айыру тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылсуат ауылында жаңа құрылыс аумағына арналған электрмен жабдықтау қосалқы станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Целиноград ауданының ТКШ бөлімінің басшысына және «РемСтройСервис ПВ» мен «MS-Energy» ЖШС басшыларына қатысты айыптау үкімі шықты, - делінген Антикор таратқан хабарламада.

 Істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратурамен бірлесіп тергеді. Қылмыстық істің барлық қатысушыларына нақты жаза, бас бостандығынан айыру тағайындалды. 

Сотталған кәсіпкерлер мен ЖШС қызметкері коммерциялық және өзге де ұйымдарда 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқара алмайды, ал ТКШ басшысы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқара алмайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Өзгелердің жаңалығы