22 Маусым 2023 2023, 16:12 Фото: ТЖМ

Шемонаихадағы жарылыс. 2 адам зардап шекті

Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрттен 5 техника жойылды. Сағат 14:44-те өрт оқшауланды. Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді. Тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп жоқ. Сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі және 12 адам жұмылдырылды.