Шемонаиха ауданында сүтті мал шаруашылығы дамып жатыр – ШҚО
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауданда сүт өндірумен 15 сүт-тауар фермасы айналысады және 6 сүт қабылдау пункті жұмыс істейді.
Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов шаруашылықтардың барлық санаттарында 22 мың бас ІҚМ, оның ішінде 10 мың бас сиыр бар екенін айтты. Шаруашылықтар жылына 39 мың тоннадан астам сүт өндірді.«Камышинский» шаруа қожалығы 62 бас сиырға арналған сауу залы бар СТФ салды, сондай-ақ 36 басқа арналған СТФ қайта жаңғырту жүргізілді.
Қазір «Рулиха» ЖШС-де 600 басқа арналған СТФ қайта құру жалғасуда. Жобаның жалпы құны 2,7 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары 90% орындалды. Ауыл шаруашылығына қажетті барлық техникалар сатып алынды. Жыл соңына қарай Голландиядан 330 бас асыл тұқымды аналық мал басын әкелу және сауу жабдығын сатып алу жоспарлануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы