Шелек ауылында бір отбасының 6 мүшесінен инфекция анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысында 7 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды, олардың басым көпшілігі Шелек ауылының тұрғындары. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Олардың 6-уы - 1957, 1980, 1987, 2001, 2013, 2016 жылы туған Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының тұрғындары. Бәрі де бұған дейін ауырған 1939 жылы туған азаматпен бір үйде тұрғандар. Бұл 6 адам Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды, - делінген хабарламада. 

COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың тағы біреуі Іле ауданында тіркелген. Талғар ауданының 1994 жылы туған тұрғыны диагнозы анықталғаннан кейін Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылған. 

Ол бұған дейін ауырған пациентпен байланыста болған. Жұмыс барысында 25 адаммен қарым-қатынас жасаған. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында, - делінген хабарламада.

 Жалпы 22 сәуір күнгі сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 62-ге жетті, жазылып шыққандар – 9 адам.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы