Шекті балл жинамағандар жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты. Бүгінгі жиын жаңа жағдайда Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысына арналды.
Академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған ҰБТ-да шекті балын жинамағандар енді жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие. Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін талаптар күшейтілуде. Бұл туралы президенттің тапсырмасы да бар. Мәселен, педагог болу үшін шекті балды алдыңғы жылы 50-ден 60 балға көтерсек, биыл 70 балға көтердік. Талапкерлерден тыйым салынған заттар табылған жағдайда немесе бейнежазбаны сараптау кезінде ереже бұзу фактісі тіркелсе, онда ҰБТ нәтижесі мен білім беру гранты жойылады, - деді ол.Сондай-ақ, министр түлектердің тестті жақсы тапсыруына түрлі мүмкіндіктер берілгенін жеткізді.
Бұған қоса, басқа да жаңашылдықтар бар. Тест тапсырушыларға қарапайым калькулятор беріледі және тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа дейін ұзартылды. Талапкерлер ҰБТ-ға жақсы дайындалуы үшін біз оларға орталық сайтында 70 нұсқалы сынақ тесттерін алдын ала берген болатынбыз. Түлектер осы сынама тесттерін емін-еркін тапсыру мүмкіндігіне ие болды және тапсырды деп айта аламыз. Сонымен қатар, биылғы түлектер мектепте тапсыратын қорытынды емтихандарынан мамыр айының аяғында босатылды. Осы шаралардың барлығы түлектер үшін үлкен қолдау екенін сөзсіз, - деді Аймағамбетов.Айта кетейік, министр бұған дейін ҰБТ-ға қатысу үшін биыл Face ID жүйесі алғаш рет қолданылатынын айтқан болатын
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҰБТ-ға қатысу үшін биыл Face ID жүйесі алғаш рет қолданылады
Өзгелердің жаңалығы