«Шекарасыз жұмыс». Азаматтар ЕАЭО нарығындағы бос жұмыс орындарын таба алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов айтты.
Қазақстанда жұмыс іздеу және кандидаттар іздеу бойынша ірі интернет-ресурс Электрондық еңбек биржасын тұрақты дамыту болып табылады. Оған барлық жұмыспен қамту орталығы, 44 жеке жұмыспен қамту агентігі және жұмыс іздеу бойынша 5 интернет-алаң қосылған. Жыл сайын ЭЕБ-да жұмыс берушілер шамамен 800 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер 600 мың түйіндеме орналастырады. Биржа арқылы 400 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасады, - деді ол.Арғындықов ЭЕБ-ның барлық қызметі жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер үшін тегін көрсетілетінін айтты.
Деректердің дұрыстығын растау және кіріс нысандарын автотолтыру, мәліметтерді сәйкестендіру және беру бөлігінде порталды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жүзеге асырылды. Экономикалық қызметтің алуан түрлері бойынша 8 мың кәсіби дағдыдан және жеке дағдылардан тұратын Дағдылар банкі әзірленді. Бұл функционал жұмыс берушіге бос жұмыс орындарына қызметкерлерді тек талап етілетін кәсіп бойынша ғана емес, сондай-ақ оларда бар қажетті кәсіби дағдылар бойынша таңдауға көмектеседі, - деді ол.Арғындықов айтқандай, ЭЕБ арқылы мемлекеттік қызметке азаматтарды жұмысқа орналастырудың бизнес-процесін автоматтандыру үшін «Е-Қызмет» ИАЖ интеграциялау жүзеге асырылды.
Бұл әлеуетті үміткерлердің мемлекеттік қызметте бос жұмыс орындарын іздеуге және құжаттарды тапсыруға қолжетімділігін едәуір кеңейтті. Денсаулық сақтау және білім министрліктерімен бірлесіп, оқу орындарының түлектерін жұмыс берушілердің, ең алдымен денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы бос жұмыс орындарына онлайн-режимде дербес бөлу жобасы іске асырылды. Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесімен интеграция жүзеге асырылды. Жеке кабинетте жұмыс беруші қолданыстағы еңбек шарттарын тіркей алады немесе өз қызметкерімен электрондық еңбек шартын жасай алады. Бұл еңбек қатынастарын формализациялауды және азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді, - деді ол.Оның айтуынша, 2021 жылғы 1 наурыздан бастап ЭЕБ жаңартылған форматта жұмыс істейді – порталда дизайн мен навигация жетілдірілді, бос жұмыс орындары мен түйіндемелерді іздеу кеңейтілді.
2021 жылғы 1 шілдеде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде «Шекарасыз жұмыс» біріздендірілген іздеу жүйесі пайдалануға енгізілді. Бұл халықаралық іздеу жүйесі ЕАЭО-ның барлық елдеріндегі бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы ақпаратқа қолжетімділік береді. Қазақстанның электрондық еңбек биржасынан басқа платформаға Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресейдің жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласындағы ақпараттық жүйелері қосылған, – деді Дәулет Арғындықов.Ол атағандай, ЭЕБ-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасы оның негізінде бірқатар сервисті біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа – skills.enbek.kz бірыңғай білім беру порталын, business.enbek.kz кәсіпкерлік бастамалардың бірыңғай терезесін, қашықттан жұмыс істейтін мамандарға арналған платформа құруды көздейді.
2021 жылдың шілде айында skills.enbek.kz онлайн оқыту алаңы іске қосылды. Ол онлайн оқытудың қысқа мерзімді курстарының маркетплейсі болып табылады және Қазақстанның қажетті дағдыларды үйренуге немесе біліктілігін арттыруға ниет білдірген кез келген азаматы үшін қолжетімді. «Еңбек Бизнес» кіші жүйесін іске қосу жоспарлануда, ол процесті автоматтандыруға және азаматтардан мемлекеттік қолдау шараларын алуға – «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға микрокредиттер немесе мемлекеттік гранттар алуға онлайн өтінімдерді қабылдауға арналған, – деп түйіндеді ЕРДО Президенті.Бұған дейін елімізде жылжымалы жұмыспен қамту орталықтары ашылуы мүмкін екені хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы