Шекарасыз әлем
Қостанайда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатындағы үшінші онкүндік аясында Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы кешенді шаралардың өтуіне мұрындық болды, деп хабарлайды Қостанай облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Осындай тағылымды шаралардың қатарына облыстық жастар сарайында өткен басқосуды жатқызуға болады. Онда тағдыр тауқыметін тарсада мұқалып қалмай жетістікке қол жеткізген табысты адамдар студент жастарды инклюзивті мәдениетке баулу мақсатында TEDx форматындағы диалог алаңын өткізді.
TEDx форматындағы диалог алаңның көздегеі біздің өмір сүріп отырған ортада тағдыр тәлкегіне ұшыраған ерекше адамдардың қасынан табылып, қолдау көрсетіп, бірегей ізіклік пен қомқорлық үлгісін көрсету. Студент жастармен кездесуге келіп, өз бастарынан өткен қиындықтар мен табысқа жетудің сырын бөлісу. Бөлісіп қана қоймай, жастарды осындай адамдардың өмірге деген құштарлықтарын көре отырып, санасына ой түйді деп лйлаймын. Бір сөзбен айтқанда осындай мүмкіндігі шектеулі адамдарың бізден ешбір айырмашылығы жоқ екенін сезіндіру. Сонымен қатар, осындай ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қоғамда өзіндік орыны бар екенін сезіндіру, - деді Қостанай облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Абай Дүйсеков.
Ерекше диалог алаңында «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігінің басшысы Аруна Жақсағұлова мен Лаура Табажанова, Данияр Бикеев сынды спортшылар, кәсіпкер Андрей Залевскийлер дәріс оқып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Жалпы облыс аумағында жоғарыда аталған онкүндік шеңберінде тұрғындардың бойында инклюзивті мәдениетті дарыту мен мүгедектігі бар адамдарға барынша жанашыр болу жолында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.