Шекарашылар заңсыз ауланған 39 итбалықты Каспийге қайта жіберді

Шекара қызметі Каспий акваториясында жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 1 сәуірден бастап ҰҚК Шекара қызметі мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Ресей мен Әзірбайжанның шекара ведомстволарымен бірлесіп Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын қорғау жөніндегі жедел-алдын алу іс-шараларының кезекті кезеңін өткізуде.

Бірлескен іс-қимыл басталғалы бері барлығы 31 шағын қайықты 53 бұзушы ұсталып, 139 км браконьерлік аулау құралдары алынды. Шамамен 2.5 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

Табиғи тіршілік ету ортасына 805 бекіре тұқымдас балық, 12 мың астам әртүрлі тұқымдас балық және 39 итбалық жіберілді. Мемлекетке келтірілетін 1,5 млрд теңгеден астам залалдың алдын алдынды.

Каспий акваториясын қорғауды қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Өзгелердің жаңалығы