Шекарашылар шетелдікті жалған құжаттармен ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шекарашылар Алматы қаласының халықаралық әуежайында Алматы – Тбилиси рейсінде паспорттық бақылауда шетелдік азаматты жалған құжаттармен ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ресми сайты.
Сұрау барысында бұл адамның 2017 жылдан бастап Қазақстан аумағында заңсыз болғаны анықталды. Жазадан құтылу үшін анықтамалық деректері өзгертілген жалған құжат сатып алған.
Шетелдіктің әрекетінде ҚР ҚК 385-ші (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) және 430-шы (Сот үкімін немесе сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) баптарын бұзушылықтар байқалады.
Материалдар полиция органдарына берілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы