Шекарашылар қос азаматтығы бар 935 адамды анықтады
14 мен 16 қазанында ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде басқа мемлекеттің азаматтығы бар Қазақстан Республикасының жеті азаматын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұсталған адамдар одан әрі қаралуы үшін полиция органдарына берілді.
Жыл басынан бері шекарашылар қос азаматтығы бар 935 адамды анықтады.
ҰҚК Шекара қызметі ел заңнамасына сәйкес екінші азаматтықтың болуы 200 АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе әкімшілік шығарып жіберумен жазаланатынын еске салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құтқарушы: Бізге жанкештілік керек
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы