Шекарашылар контрабандалық есірткінің жолын кесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК ШҚ Түркістан облысы бойынша департаменті «Жібек жолы» өткізу пунктінде Қазақстан Республикасына есірткі құралдарын контрабандалық жолмен адам денесінде алып өту фактісін анықтады.

Кіру бағытындағы залда «Режимді бақылау» шекара наряды «Линда» қызметтік итін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматын ұстады. Нәтижесінде адам денесінен құрамында өсімдік тектес есірткі заты табылды.

Жүргізілген сараптамаға сәйкес алынған зат салмағы 236 гр «шикі апиын» есірткі құралы екені анықталды, ол аса ірі мөлшер болып табылады.

Осы факт ҚР ҚК 286-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша СДТБТ-да тіркелді. ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері есірткі (психотроптық) заттарды әкелуге/әкетуге жол бермеу мақсатында өткізу пункттерінде бақылауды күшейтуге бағдарланды.

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы