Шекарашылар Каспий теңізінде заңсыз балық аулаған 8 адамды ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шекарашылар Каспий теңізінде теңіз шекарасының тұтастығы мен ел байлығының күзетін қатар атқаруда.
ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуірдің 7-8 аралығында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Жағалау күзеті», «Батыс» Өңірлік басқармаларына қарасты шекаралық кемелер мен катерлер, шекара нарядтары еліміздің теңіздегі шекарасын күзету барысында шекара тәртібін, аумақтық және ішкі сулар тәртібін бұзғандығы үшін 8 адамды ұстап, «Байда» типтес 2 шағын жүзу құралы, 1 резіңке қайық, 1 теплоходты қолға түсірді.
«Теңізден 3000 м ау жинап алып, ондаған бекіре балықтар мен итбалықтарды құтқарып қалды. Мемлекетке қайтарылған шығын – 10 986 275 теңге. Сонымен бірге, 150 000 теңгеден астам айыппұлдар салынды», - делінген таратылған хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы