Шекарашылар Каспий теңізінде 100-ден астам браконьерді ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның шекара қызметі басқа да мемлекеттік органдармен және Ресейдегі әріптестерімен бірлесіп Каспий теңізіндегі браконьерлерге қарсы жедел іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды sputnik.kz.
Олар 52 катердегі 109 браконьерді ұстады. Оларға жалпы сомасы 2,6 миллион теңгеге айыппұл салынды.
Ұзындығы 300 километрден асатын браконьерлік ау тәркіленді. 575 бекіре балығы мен 4 803 частик балық, сондай-ақ 43 итбалық табиғи ортаға жіберілді, - деп жазылған Қазақстан шекара қызметінің хабарламасында.
Жалпы шығын көлемі 1 миллиард теңгеден астам сомаға бағаланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайда коронавирус күшейіп, мектептер жұмысын тоқтатты
Өзгелердің жаңалығы