Шекарашылар есірткі алып өтпек болған қырғызстандықты ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордай шекара жасағының аумағындағы "Қордай" өткізу пунктінде Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына "Гашиш" есірткі затының ірі көлемдегі партиясын алып өтудің жолы кесілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда жалпы салмағы 782 г. есірткі заты қызметтік итті пайдаланумен ҚР аумағы арқылы Ресей Федерациясына кетіп бара жатқан Қырғыз Республикасы азаматының денесін тексеру барысында табылған.

Қазіргі уақытта есірткі тасымалдаушы ұсталған затымен бірге тиісті анықтау органдарына тапсырылды. Тергеу іс-шаралары өткізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы