Шекарашылар донор күнін ұйымдастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Орталық аппаратында жылдағы дәстүр бойынша донор күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық трансфузиологиялық ғылыми-өндірістік орталығының мамандарына 50 әскери қызметші өз еріктерімен донорлық қан тапсырды. Іс-шараға Шекара қызметінің Әскери-медициналық басқармасы мұрындық болды.
Шекаршылардың бұл іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсаты халықтың денсаулығына үлес қосып, ауыр науқастардың сауығып кетуіне «Қарлығаштың қанатымен су сепкендей» - болса да қолдан келген көмектерін көрсету болып отыр, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда шетелдік компаниялар көбейіп келеді
Келесі жаңалық
«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлері марапатталды
Өзгелердің жаңалығы