Шекарашылар браконьерлерге 3 млн теңгеден астам айыппұл салды

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Шекарашылар браконьерлерге 3 млн теңгеден астам айыппұл салды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы үкіметаралық Келісімнің міндеттемелерін орындау мақсатында Шекара қызметі табиғат қорғау органдарымен бірлескен іс-қимыл аясында сәуір айынан бастап ведомствоаралық кең ауқымды «Бекіре» акциясына қатысып жатыр.

Аталған кезеңде қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінің акваториясында 59 жүзу құралын пайдаланған 128 құқық бұзушыны ұстады, 308 км астам браконьерлік кәсіпшілік құралдары (торлар) алынды, теңізге бекіре тұқымдас балықтардың 702 данасы және 2 132 ұсақ бөлшектік түрлері шығарылды, 3,1 млн теңгеге айыппұл салынды, алды алынған залалдың мөлшері 1,1 млрд теңгеден астам соманы құрады.

Бірлескен іс-шаралар жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы