Шекарашылар 1,5 млрд теңгені мемлекетке қайтарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  «ҰҚК Шекара қызметінің Департамент басшысының орынбасары - Жағалау күзеті басқармасының басшысы, 1 ранг капитаны Сабыр Хасанов  Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Шекара қызметі теңізде мемлекеттік шекараны күзетеді. Сонымен қатар биологиялық құндылықтарды қорғайды. «Бекіре-2022» акциясы барысында 131 адам мен 60 кемені  ұстады. Тәркіленген балық салмағы 331 келіні құрады. Теңізге 4148 бас қызыл балық пен қара балық жіберілді.  Мемлекет қорына 1,5 млрд теңге қайтарылды, - деді Хасанов. 

Ол атағандай, құрылымдық мемлекеттік органдармен бірлесе отырып акцияның мақсаты орындалғанын айтты.

Жергілікті халық арасында да алдын алу шараларын барынша түсіндіру жүзеге асырылды, - деді ол. 

Осыған дейін «ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов заңсыз балық аулағандар қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Аян Бахияновтың айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда құқық бұзушылық едәуір азайған. Биыл 640 адам жауапкершілікке тартылды. Дегенмен, экология министрлігі заңсыз балық аулау үшін жаза өте жұмсақ деп санайды. Алдағы уақытта айыппұлды 50 АЕК-ке дейін арттыру, егер қайта заң бұзса әкімшілік қамауға алу керек екенін айтты.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы