Шекарашылар 1183 құқық бұзушылықты анықтаған
Бұл жайлы Орталық коммуникациялар алыңында өткен брифинг барысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шекара күзеті департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Серік Ахметқалиев айтты, деп хабарлайды BAQ,KZ тілшісі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін – 68 адам, шекара аймағында шекара режимін және жекелеген жерлерде болу тәртібін бұзғаны үшін –703 адам, аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының режимдерін бұзғаны үшін – 68 адам, мемлекеттік шекара режимін бұзғаны үшін – 344 адам жауапкершілікке тартылды, - деді Серік Ахметқалиев.
Каспий теңізінде балық ресурстарын заңсыз аулауға қарсы іс-қимыл нәтижесінде 240 шақырымнан астам браконьерлік балық аулау құралдары тәркіленген. Сонымен қатар табиғи мекендеу ортасына 592 бекіре тұқымдас балық және 5256 ұсақ тұқымдас балық мекендеу ортасына қайта жіберілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада қай аудандарда мектеп жетіспейді
Өзгелердің жаңалығы