Шекарадан валютаны заңсыз өткізбек болғандар құрықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
"Қорғас шекаралық бақылау жасағы "Нұр жолы" жолаушылар шекаралық бақылау пунктінің шекаралық наряды 2019 жылғы 10 қазан күні 14.30-да қызметтік иттің көмегімен декларацияланбаған валютаны, яғни 28 600 АҚШ доллары мен 133 000 теңгені шекара арқылы өткізбек болған ҚР 2 әйел азаматын ұстады", - делінген таратылған ақпаратта.
Ұсталған валюта белгіленген тәртіп бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды.
Ұсталған валюта белгіленген тәртіп бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық банк алда инфляция деңгейі қандай болатынын айтты
Өзгелердің жаңалығы