Шекарадан өткенде сауалнаманы QR код арқылы толтырасыз – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейден Қазақстанға қайтар жолдағы шекарада біздің елге қарай өткендерге сауалнама толтыруды сынақтан өткіздім, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Бір айта кетерлегі осы уақытқа дейін сауалнамалар қағазға толтырылып келді. Енді мұндайға жол берілмейді. Қызметкерлер күн сайын жүйеге 1000 қағаз сауалнаманың мәліметтерін енгізеді екен. Қолмен. Біз оны сандық форматқа ауыстырамыз. Қосымшаны жүктеудің қажеті жоқ, тек QR кодын сканерлеп, смартфоннан сауалнаманы толтырыңыз.
Веб-ресурс қолжетімді, онда тұтынушы сауалнаманы алдын-ала толтырады.
Мұндай қызметтер Еуропа елдерінде сәтті жүзеге асырылды. Тек QR-кодты сканерлеп, сауалнаманы толтырып, өтіп кетесіз. Эпидемиологтар жұмыстан кейін отырып, мәліметтер базасын толтырудың орнына сол уақытын туыстары мен достарына арнаса дейміз, - деп жазды Бағдат Мусин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1-мамырдан бастап елорда автобустарында SMS төлем жасалмайды
Өзгелердің жаңалығы