Шекарадан оқ-дәрілерді алып өтпек болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай шекара жасағының «Қайрақ» автомобильдік шекаралық бақылау өткізу пунктінде Ресейге заңсыз оқ-дәрілерді алып өтпек болған азамат ұсталған. Бұл туралы ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қостанай шекара жасағының «Қайрақ» автомобильдік шекаралық бақылау өткізу пунктінде 2019 жылғы 9 қазанда Қазақстан Респуликасынан Ресесй Федерациясына «ГАЗ» автокөлігімен кетіп бара жатқан 1975 жылғы туған ҚР азаматының көлігін тексеру кезінде, сайман салғыш сауыттың ішінен 12 калибрлік аң аулауға арналған қарудың оқ-дәрілері табылды. Қарабалық аудандық полиция қызметкеріне № 306 актімен тапсырылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Бейнеу шекара жасағының «Бейнеу» теміржол шекаралық бақылау өткізу бөлімшесінде 9 қазанда таңғы сағат 07.30-да «Ташкент – Саратов» пойызын арнаулы құралмен тексеру барысында вагонның жолсерігі 1987 жылғы туған Өзбекстан азаматына тиеселі жалпы салмағы 23 кг «насыбай» жолсеріктің қызметтік жайынан табылған.

Бейнеу шекара жасағының «Тәжен» автомобильдік шекаралық бақылау өткізу пунктінде 9 қазанда сағат 16.15-те Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу келе жатқан 1986 жылы туған Өзбекстан азаматының қол арбасынан, арнаулы құралмен тексеру барысында жалпы салмағы 100 кг жуық «насыбай» табылған.

Тәркіленген бұйымды 2019 жылғы 10 қазанда Ақтау қаласындағы Маңғыстау облысы бойынша Сот сараптамалық институтына жеткізу жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы