Шекарадан есірткі алып өтпек болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен түнде Ақтөбе шекара отрядының «Жайсаң-авто» бөлімшесінде шекара наряды Ресейге өтіп бара жатқан 1977 жылғы ресейлік азаматты ұстады.

«Шекарашылар оның жекеменшік «Лада» автокөлігін тексеру барысында техникалық құралдардың көмегімен, жылдамдық ауыстыру қорабының астынан қағазға оралған түйіншек тауып алды. Табылған сұрғылт-жасыл түсті, өсімдік текті зат «марихуана» есірткісі деген күдікпен сараптамаға жөнелтіліп, ұсталған азамат Мәртөк аудандық полиция бөліміне тапсырылды», делінген ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы