Шекарадан 8 мыңнан аса қару өткізбек болған - ҰҚК
Шкереда 8 мыңнан аса суық қаруды шекара арқылы өткізу әрекеті кезінде тәркіленген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҰҚК Шекара қызметі 2022 жылдың басынан бері 170-тен астам оқ-дәріні, 8 мыңнан аса суық қару мен электрлік естен тандыру құралдарын шекара арқылы өткізу әрекеті кезінде тәркілеп, оқсыз атылатын қаруды әкетудің 2 фактісінің жолын кесті. Тек соңғы аптада шекаралық бақылау жүргізу кезіндегі тексеру іс-шаралар нәтижесінде 60 аңшылық және 6 зақымдайтын оқ, қолдан жасалған 2 пышақ анықталды, - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.
Барлық жағдайда ұсталған адамдар мен көліктер процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құзыреті бойынша ішкі істер органдарына тапсырылды.
ҰҚК Шекара қызметі азаматтарға Мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған заттарды тиісті рұқсат құжаттарсыз алып жүру кезіндегі жауапкершілік туралы ескертеді, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бердібек Сапарбаев байлығы жайлы айтты
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы