Шекарадан 6 млн теңгенің темекісін алып өтпек болғандар ұсталды
Жамбыл облысында шекарадан 6 млн теңгенің темекісін алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы «Қарасай батыр» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері 10 маусымда мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қырғыз учаскесінде жалпы сомасы 6 млн теңгеден асып түсетін тауарларды заңсыз алып өту фактісінің жолын кесті (саны 19 қорап болатын темекі стиктері).
Уәкілетті органдар осы құқық бұзушылық іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шараларын жүргізіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҰБТ. Ереже бұзғаны үшін аудиториядан 175 талапкер шығарылды
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы