Шекарадан 51 500 юань алып өтпек болған азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шекарашылар Мемлекеттік шекарадан заңсыз валютаны, тапанша қаруын, автомашинаны және құстарды заңсыз өткізудің жолын кесті.

Кеше Қорғас шекаралық бақылау жасағының "ШЫХО" шекаралық бақылау өткізу пунктінің шекара наряды 1979 жылы туған Қазақстан азаматын ұстады. Ер адамды тексеру барысында сумкасынан табылған, декларацияланбаған 30 000 АҚШ доллары, 51 500 Қытай юаны ақша қаражаттарын заңсыз алып өтпек болғаны белгілі болды. Ұсталған қаражат кедендік бекет қызмекерлеріне тапсырылды, - делінген хабарламада.

Павлодар шекара жасағының "Үрлітөбе" шекаралық бақылау өткізу пунктінің шекара наряды Қазақстаннан Ресейге "Ауди" автомашинасымен кетіп бара жатқан 1959 жылғы ҚР азаматын ұстады. Ер адамның көлігінің ішін тексеру барысында "ОСА" маркалы травматикалық тапаншаның табылуы ұстауға себеп болды. Аудандық полиция бөлімінінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақтөбе шекара жасағының "Жайсан" шекаралық бақылау өткізу пунктінің шекара наряды 1994 жылы туған Татарстан Республикасының және 1964 жылы туған ҚР азаматтарын ұстады. Татарстан азаматы "Ташкент – Челябинск" бағытындағы пойызбен шекарадан "пайыз торғай" тұқымдас қорапқа салынған екі құсты заңсыз алып өтпек болған.

Ал 1964 жылы туған ҚР азаматы "Скания" жүк автокөлігімен Қазақстаннан Ресейге "Митсубиси Паджеро" маркалы автомашинасын шайдың қораптарының астына жасырып, ілеспе құжатсыз заңсыз алып өтпек болғаны ұстауға себеп болды. Мартөк аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы