Шекарадан 148 дана киік мүйізін алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан азаматы Қазақстаннан 148 дана киік мүйізін алып өтпек болған. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Орал шекара отрядының «Сырым-авто» бөлімшесінде шекарашылар Ресейге ірі көлемде контрабандалық жүк өткізбек болған 49 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Ұсталған азамат «Орал – Самара» бағытындағы жолаушылар автобусымен үлкен шамаданда 148 дана, жаңадан кесілген киік мүйіздерін алып өтпек болыпты. Контрабанданың жалпы құны 196 950 000 теңге деп есептелінді» - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент сайлауы – 2019. Бір адамдай сайлауға қатысайық
Өзгелердің жаңалығы