Шекарадағы жағдай салдарынан 11 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында орын алған жағдайға байланысты 11 мың 52 жергіліктік тұрғын Баткенге эвакуацияланды. Бұл туралы azattyk.org хабарлады.
Олардың ішінде 10 410 адам қауіпсіз ауданға көшірілсе, 642 адам уақытша баспаналарға орналастырылды. Мұндай мәліметті Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратты.
Ресми деректерге сәйкес, Рават ауылына Баткен облысының Орто-Боз, Жака-Абрикос, Уч-Добо, Ак-Татыр, Самаркандек, Ак-Сай, Таш-Тумшук ауылдарының 6 мың тұрғыны эвакуацияланды.
Лейлек ауданы Максат ауылынан 400 адам Маргунға, ал Интернационал ауылынан мың шақты адам Кайрагач ауылындағы мешітке көшірілген.
Самаркандек және Ак-Татыр ауылының мыңдаған тұрғыны Лейлеке, Кара-Суу мен Ак-Теректегі мешіт пен үйлерге орналастырылды.
Қазіргі уақытта эвакуацияланған адамдар медициналық қадағалауда, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар қажетті заттармен қамтамасыз етілді.