Шекарадағы өткізу пункттерінің жұмыс режимі өзгереді
Қазақстан шекарадағы өткізу пункттерінің жұмыс режимін өзгертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы Келісімге сәйкес 2024 жылғы 1, 7 және 9 мамырда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы мен теміржол өткізу пункттерін қоспағанда, Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылатын болады.
Қазақстан-өзбек шекарасында жүргізіліп жатқан реконструкцияға байланысты «Қапланбек» өткізу пункті жабылды, «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының қозғалысы шектелді.
Ресей, Қырғыз және түрікмен бағыттарындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Азаматтарға маршруттарын алдын-ала жоспарлау ұсынылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы