Қазақстан шекарасын бұзған қырғызстандық ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен түнде Қордайлық шекарашылар Қырғыз Республикасынан біздің елге қарай жаяулатып, Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған қырғыз азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
"Сағат 02.30-дар шамасында «Қордай» шекара заставасының аумағында шекара наряды түнде көретін дүрбінің көмегімен көрші елден шекараға қарай келе жатқан бір адамды байқаған. Заставадан шыққан дабыл тобы түн қараңғылығын пайдаланып, Мемлекеттік шекараның қоршауынан өтіп, біздің аумаққа қарай ене берген «шақырылмаған қонақты» қарсы алдынан күтіп алды. Ешқандай құжаты жоқ адам өзін 28 жастағы Қырғыз Республикасының азаматымын деп таныстырды" - делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары хабарланды, тексеру шаралары жүргізілуде.