Шекара маңындағы мектептерді сақтап қалуымыз керек – Бейсембаев

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа "Еліміздің ауылдарында қанша мектеп жабылуы мүмкін?" деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда ауыл мектептерінің саны 5 мыңнан асады, оның ішінде шағын жинақты мектептер саны - 2700. Сонымен қатар кіріктірілген сыныптармен оқитын (еск. - аз оқушылары бар) мектеп саны мыңға жуық. Аталған мектептер алыс ауылдарда орналасқан, оның ішінде шекараға жақын мектептердің де есебін жүргізіп отырмыз. Біздің мақсатымыз - шекара маңындағы мектептерді сақтап қалу. Бұл тарапта өз ұстанымымызды әкімдіктерге беріп отырмыз, - деді Бейсембаев Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Ведомство басшысы жабылуы мүмкін мектептердің есеп-қисабы жүргізіліп отырғанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Ғани Бейсембаев еліміздің ауылдарында қанша мектеп барын мәлімдеген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы