Шекара бұзған екеу. Әйелі - Қырғызстанда, өзі - Қазақстанда қолға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордай шекара отрядына қарасты «Қарасай батыр» заставасының аумағында Қырғыз Республикасынан Қазақстанға қарай Мемлекеттік шекараны бұзып өткен азамат ұсталды.

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Кеше, түс ауа «Қарасай батыр» заставасының аумағында шекара наряды көрші елден Мемлекеттік шекараға қарай жан-жағына жалтақтай қарап жаяулатып келе жатқан бейсауат адамды алдын ала байқап, жасырын түрде күтіп алып, қолға түсірді» - делінген хабарламада.

Ұсталған адам 1989 жылғы Ресей Федерациясының азаматы болып шықты.

«Шақырылмаған қонақты» ұстау кезінде шекарашылар көршілес елдің аумағынан барлығын мұқият бақылап тұрған бір адамның сұлбасын байқап қалып, Қырғыз Республикасының шекарашыларына хабар берген. Дер кезінде берілген ақпараттың нәтижесінде, қырғыз әріптестер Мемлекеттік шекараға дейін ілесіп келген серігін Қазақстан жаққа шығарып салып, оның соңынан қарап тұрған әйел адамды ұстады. Ол 1980 жылғы Ресей Федерациясының азаматшасы болып шықты» - делінген хабарламада.

Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы