Бірқатар шекара-бекетіндегі жүк тасымалына қатысты шектеу алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қытаймен шекарасындағы "Көлжат", "Бақты" және "Майқапшағай" өткізу пункттері арқылы жүктердің белгілі бір түрлерін ғана тасымалдау үшін шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 417 қаулысымен Қазақстан мен Қытаймен шекарасындағы "Көлжат", "Бақты" және "Майқапшағай" өткізу пункттері арқылы автомобиль көлігімен жүктердің белгілі бір түрлерін ғана тасымалдау үшін шектеулер алынып тасталды - делінген хабарламада.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Енді тараптардың автотасымалдаушылары көрсетілген өткізу пункттері арқылы екі ел арасында белгіленген тәртіппен жүктердің барлық түрлерін автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.