Шегірткелер "шеруі": Дағыстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

Дағыстанның солтүстігінде жаппай шегіртке қаптады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желідегі Gor Mash аккаунты жол бойында "жаңбырша жауған" шегірткелерді бейнелейтін кадрларды жариялады.

Видеода жүргізушінің алдыңғы әйнекке соғылып, жолдағы көріністі қиындатқан шегіртке үйірін әрең жарып өтіп бара жатқаны көрінеді.

Қазіргі кезде Дағыстанның төрт ауданында шегірткелердің шабуылына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Жәндіктер басып кірген аумақ көлемі шамамен 145 мың гектарға жетті.

Шегірткелердің көбею себебі ретінде федералды жерлерге, қорғалатын табиғи аумақтар мен су көздерінің маңындағы өңірлерге өңдеу жұмыстарын жүргізуге қойылған шектеулер аталып отыр. Осыған байланысты шегірткелердің Солтүстік Каспий өңірлерінен республика аумағына өту қаупі бар.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда да шегірткелердің жаппай шоғырлануы аз болған жоқ. Үкімет шегірткемен күрестің бірнеше ауқымды операциясын жүргізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы