Колумбияда оқ-дәрі жасап шығаратын шеберханада жарылыс болып, 4 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарылыс салдарынан 4 адам қаза тауып, 30 шақты адам жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында 18 бала бар. Бұл туралы Noticias жазды. 

Колумбия астанасы Боготода 10 мамыр күні қатты жарылыс болды. Жарылыстың қатты болғаны соншалық көршілес жатқан 17 ғимаратқа зақым келген.  

Жергілікті полицейлердің сөзінше, жарылыс «оқ-дәрі жасап шығаратын коммерциялық шеберханада» болды. 

Жарақат алған 30 адамның 18-і жақын маңдағы мектепте оқитын оқушылар екені анықталды.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы