"Шебердің қолы көпке ортақ". Тігіншінің бір күні

Тігінші болып көп жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан Айгүл Оңғарбаева өзінің тәжірибесімен бөлісіп, қызықты жұмысы туралы жан-жақты айтып берді. Қолынан нағыз іс келетін маманның сұхбатын "Еңбекқор ел" жобасынан тамашалай аласыздар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тігіншілікке мектеп қабырғасынан бастап қызығушылық пайда болды. Ата-анам "дәрігер оқуына түс" деген өтінішіне қарамай, өзімнің жаныма жақын мамандықты таңдадым. Міне сол уақыттан бері осы кәсіппен еңбек етіп, жұмыс істеп келемін. 1999 жылы алғашқы ателье аштық, содан бері өстік, өңдік, барынша жетілдік. Қазіргі кезде қажымас еңбектің арқасында кәсібімізді дөңгелетіп отырмыз, - дейді тігінші.

Айгүл Оңғарбаева біздің тілшіге берген сұхбатында өзінің еңбек жолынан сыр шертіп, тігіншінің бір күні қалай өтетінін көрсетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы