Ұшайын десем қанат жоқ, Мәскеуден шыға алмай қалдық – Иманғали Тасмағамбетов

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Театр және кино режиссері Талғат Теменов Қазақстанның Ресейдегі экс-елшісі, досы Иманғали Тасмағамбетов жолдаған хаттың мәтінін әлеуметтік желіге жүктеді.

Жан досым, Талғат! Қалайсың? Үй-іші аман ба? Бүгінгі мерекелерің құтты болсын! Театр күнін айтам.. Есіңде болар баяғыда сені ТЮЗ-ға басшы боп бар дегенде ат тоныңды ала қашып ең.. Енді бүгін театр екінші үйің болды.. Саған театрдың пайдасы тиді.. Сенің де театрға жасаған еңбегің ұшан теңіз.. Біз де аман.. Москвадан шыға алмай қалдық... Күн де ауа райы да биыл ерекше. Өткен жолы жігіттер сұрап жатыр" деп едің.. Менен бәріне салем айт! Үйде бекер жатпай бір жұмыс жазып жатырмын. Мені де творческий адам жасадыңдар.. Ең негізі мына кеселден аман есен өтуге жазсын. Өзім де бәріңді сағындым.. Ұшайын десем қанат жоқ.. Аман есен бас қосуға жазсын! Аман бол досым! Құрметпен, Иманғали", - делінген хаттың мәтінінде.

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов, Қырымбек Көшербаев, Төлеген Мұхамеджанов, Досхан Жолжақсынов, Талғат Теменовтер бірнеше жылдан бері өте жақын араласатын достар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы